Альфа Нормикс
Құрамы
белсенді зат – 200 мг рифаксимин,
қосымша заттар: натрий крахмалы гликолаты, глицерин дистеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, микрокристалды целлюлоза,
қабықтың құрамы Opadry OY-S-34907: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), динатрий эдетаты, пропиленгликоль, темірдің қызыл тотығы (Е172).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді екі беті дөңес қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасуы. Диареяға қарсы, ішектің қабынуына қарсы/микробқа қарсы препараттар. Ішекке арналған микробқа қарсы және қабынуға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы препараттар. Рифаксимин.
АТХ коды А07АА11
Қолданылу саласы.
- рифаксиминге сезімтал бактериялардан туындаған асқазан-ішек жолдарының инфекциясын емдеуде: асқазан-ішек жолдарының жедел инфекциясы, инвазивті емес штаммдардан Escherichia coli туындаған саяхатшылар диареясы, ішекте микроорганизмдердің шамадан тыс өсуінің синдромы, тоқішектің симптоматикалық асқынбаған дивертикулезі, созылмалы колит
- колоректальді хирургиялық араласымдардағы инфекциялық асқынулардың профилактикасында
- бауыр энцефалопатиясында