Урсолизин
Құрамы
Бір капсуланың ішінде
белсенді зат – урсодезоксихолий қышқылы 150 мг немесе 300 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
желатинді капсула құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Сипаттамасы
Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – ақ ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қышқылдары препараттары. Урсодезоксихолий қышқылы.
АТХ коды А05АА02
Қолданылу саласы.
- жұмыс жасап тұрған өт қалтасында диаметрі 15 мм аспайтын өт қалтасының холестеринді рентгеннегативті тастарын еріту үшін
- билиарлы рефлюкс-гастритті емдеу үшін
- қалпына келмеудің белгілері болмаған жағдайда, бауырдың алғашқы билиарлы циррозын емдеу үшін кешенді ем құрамында
- 6 жастан 18 жасқа дейінгі муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлық бұзылыстары бар балаларды емдеу үшін