Заявка

      Кері байланыс

      Внимание, доступ ограничен

      Я подтверждаю, что является дипломированным медицинским специалистом
      Выйти

      ТОО "СОНА-ФАРМЕКСИМ"- Фармацевтика саласының халықаралық мамандары

      Дәрілік заттар

      Вессел Дуе Ф

      Құрамы
      белсенді зат- 250 ЛБ сулодексид (липопротеинлипазды бірлік),
      қосымша заттар: натрий лаурилсаркозинаты, кремнийдің қостотығы, триацетин,
      қабықтың құрамы: желатин, глицерин, натрий этилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

      Сипаттамасы
      Кірпіш-қызылы түсті капсулалар. Капсуланың ішінде – ақтан сұр түске дейінгі гомогенді суспензия.

      Фармакотерапиялық тобы
      Антикоагулянттар. Тікелей антикоагулянттар (гепарин және оның туындылары). Сулодексид.
      АТХ коды B01AB11

      Қолданылу саласы.

      • тромб түзілу қаупі жоғары ангиопатияда, оның ішінде жедел миокард инфарктісін бастан өткергеннен кейін
      • ишемиялық инсульттің жедел кезеңін және ерте қалпына келу кезеңін қоса алғандағы ми қан айналымының бұзылуында;
      • атеросклерозбен, қант диабетімен, гипертониялық аурумен байланысты дисциркуляторлық энцефалопатияда; қан тамырлық деменцияда
      • атеросклероздық, сондай-ақ диабеттік генездегі шеткері артериялардың окклюзиялық зақымдануларында
      • флебопатияда, тереңдегі веналардың тромбоздарында
      • микроангиопатияда (нефропатияда, ретинопатияда, нейропатияда) және қант диабетіндегі макроангиопатияда (диабеттік табан синдромында, энцефалопатияда, кардиопатияда)
      • тромбоздық жағдайлар, антифосфолипидті синдромда (төмен молекулярлық гепаринмен емдеуден кейін ацетилсалицил қышқылымен бір уақытқа тағайындайды)
      Бөлісу:
      Қайта оралу