Вессел Дуе Ф
Құрамы
белсенді зат – 600 ЛБ сулодексид (липопротеинлипазды бірлік),
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Ашық сарыдан сары түске дейінгі мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Антикоагулянттар. Тікелей антикоагулянттар (гепарин және оның туындылары). Сулодексид.
АТХ коды B01AB11
Қолданылу саласы.
- тромб түзілу қаупі жоғары ангиопатияда, оның ішінде жедел миокард инфарктісін бастан өткергеннен кейін
- ишемиялық инсульттің жедел кезеңін және ерте қалпына келу кезеңін қоса алғандағы ми қан айналымының бұзылуында; атеросклерозбен, қант диабетімен, гипертониялық аурумен байланысты дисциркуляторлық энцефалопатияда; қан тамырлық деменцияда
- атеросклероздық, сондай-ақ диабеттік генездегі шеткері артериялардың окклюзиялық зақымдануларында
- флебопатияда, тереңдегі веналардың тромбоздарында
- микроангиопатияда (нефропатияда, ретинопатияда, нейропатияда) және қант диабетіндегі макроангиопатияда (диабеттік табан синдромында, энцефалопатияда, кардиопатияда)
- тромбоздық жағдайлар, антифосфолипидті синдромда (төмен молекулярлық гепаринмен емдеуден кейін ацетилсалицил қышқылымен бір уақытқа тағайындайды)